18-29 жастағы студент жастарға арналған медаль: Ол қандай жетістіктер үшін беріледі?

Ғылым министрлігі үздік студенттерді марапаттаудың бірыңғай ережесін әзірледі.

Ғылым және жоғары білім министрлігі үздік студенттер мен жастарды марапаттаудың бірыңғай тәртібінің жобасын әзірледі. 

Оған сәйкес, министрлік грамотасы мен медалі келесі 9 бағыт бойынша үздік деп танылған 18-29 жастағы студенттер мен жастарға беріледі: 

  • Спорттағы жетістіктер; 
  • Таланттар мен дағдылар;
  • Ұлттық мұра;
  • Ғылым шыңдары;
  • Еріктілік;
  • Жастар көшбасшысы;
  • Жылдың шетелдік студенті;
  • Жыл студенті;
  • Жыл түлегі.

Оқи отырыңыз: Шетелде жүрген жастарды қолдайтын халықаралық келісімшарт жасау ұсынылды


Ережеге сәйкес, "Ғылым шыңдары", "Таланттар мен дағдылар", "Спорттағы жетістіктер", "Еріктілік", "Жастар көшбасшысы" номинацияларында білім алушылардың марапаттары мен жетістіктері бір оқу жылында ескеріледі. "Жылдың шетелдік студенті", "Жыл студенті" номинациялары номинанттың бұрынғы еңбегін ішінара ескереді, бірақ өтіп жатқан оқу жылындағы жетістіктер шешуші мәнге ие болады. "Жыл түлегі" номинациясында номинанттың марапаттары мен жетістіктері оқудың барлық уақытында ескеріледі.

Байқау екі кезеңде өтеді. Бірінші кезеңде университет ішінде іріктеліп, үздіктер республика деңгейіндегі іріктеуге қатысады. 

Құжат жобасын жария талқылау мерзімі – 13 шілдеге дейін. 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".