18 секундта – 761 өтініш: Автонесие сайты неге көп адамның өтінішін қабылдамады?

Бірінші минутта 761 адам өтінім беріп үлгерді.

Жеңілдетілген автонесие платформасы іске қосылып, алғашқы 18 секундта 761 адам өз өтінімін тіркеді. Сондай-ақ, бірінші минутта сайтқа кіргендер саны 125 мың адамды құрады, деп хабарлайды Қазақстан Даму Банкі. 

Банк неліктен кей қолданушының автомобиль өндірушісін таңдай алмағанын түсіндірді. 

"Autonesie.kz сайты жүктемені көтеріп, пулдың қалыптасуын қамтамасыз етті. Лимитке жеткеннен кейін өтінім қабылдау автоматты түрде аяқталып, "Өтінім беру" батырмасы басылмайтындай болды. Мұнымен қатар, өтінім беру барысында кейбір пайдаланушылар автомобиль өндірушісін таңдай алмады, бұл өтінім лимитіне қол жеткізумен байланысты болды", – делінген хабарламада. 


Оқи отырыңыз: 2023 жылы 4 пайыздық автонесиемен қалай көлік алуға болады? Өзекті 10 сұраққа жауап


Сондай-ақ,банк қазақстандықтардың енді өз өтінімін наурыз айында және ары қарай ай сайын бере алатынын еске салды. 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".