197 миллиард теңге: Қазақстандықтар жаппай доллар сатып алып жатыр

Ақпанда алматылықтар 81 миллиард теңгеге АҚШ валютасын сатып алған.

Қазақстандықтар доллар сатып алуға миллиардтаған ақша жұмсап жатыр, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Биылғы ақпан айында қазақстандық ақша айырбастау пунктерінен 197 миллиард теңгеге АҚШ валютасы сатып алынған. Осылайша долларды сатып алу көрсеткіші өткен жылғы дәл осы уақытпен салыстырғанда бірден 70 пайызға өскен.

Сондай-ақ, тұрғындар рубльға да 75 миллиард теңге жұмсады. Ұлттық банк мәліметінше, долларды әсіресе алматылықтар көп алған. Ақпан айында қала халқы 81 миллиард теңгені АҚШ валютасына айналдырған. Бұдан бөлек Нұр-Сұлтан мен Шымкент тұрғындары да ақша айырбастаудан белсенділік танытқан.


Оқи отырыңыз: 1 доллар – 495 теңге. Ресей-Украина қақтығысының Қазақстан экономикасына ықпалы қандай?


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".