2 миллион теңге айыппұл: Сауда орындарындағы таразыларға тексеру жүргізіледі

Бұдан былай сауда орталығындағы таразылардың барлығы тексерілмек.

Сауда және интеграция министрлігі мәліметінше, тұтынушыны алдап, таразыдан пайда тапқысы келген саудагерлер енді айыппұл төлейді. Бұл туралы 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы хабарлады.

Бұдан былай сауда орталығындағы таразылардың барлығы тексерілмек. Жыл сайын бақылауды арнайы аттестацияланған тексерушілер жүргізеді. Егер электронды таразыдан қандай да бір шикілік шықса – кәсіпкер әкімшілік жазаға тартылады. 100 мың теңге мен 2 миллион теңге аралығында айыппұл төлеуі мүмкін.


Оқи отырыңыз: "Үш метр жерге 7 млн теңге сұрады". Алтын Орда базарында саудагерлер басшылықтың үстінен шағымданды.


Тұтынушыларды қорғау мақсатындағы бұл тексеріс жиілеп кеткен шағымдардан кейін жүргізілмек. Ведомства өкілдерінің сөзінше, салмақ өлшеуде саудагерлердің жасайтын әккілігі тұрғындар қалтасына салмақ салуда.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".