2023-2024 оқу жылына 88 мың білім беру гранты бөлінді. Басым бөлігі педагогтерге тиесілі

Оның 73 мыңы – бакалавриатта оқуға арналған білім гранты.

2023-2024 оқу жылына 88 мың білім беру гранты бөлінеді. Оның ішінде: бакалавриатта оқу үшін – 73 мың грант, магистратураға – 13 мың, докторантураға 1890 грант бөлініп отыр. Бұл туралы ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев орталық коммуникациялық қызметінде өткен жиында мәлімдеді. 

Атап айтқанда:

  • Педагогика – 12 560;
  • Өнер және гуманитарлық ғылымдарға – 1615;
  • Әлеуметтік ғылымдар – 960;
  • Бизнес, басқару және құқық – 1223;
  • Жаратылыстану ғылымдары – 7388;
  • АКТ – 10 103;
  • Инженерлік, өңдеу және құрылыс саласы – 18 744;
  • Ауыл шаруашылық – 2273;
  • Ветеринария – 975.

"Бұл ретте гранттың 60 пайызы инженерлік-техникалық мамандықтарды қамтиды. Сондай-ақ, тығыз орналасқан, жаңа құрылған және батыс аймақтарындағы жастар үшін де арнайы грант бөлінген. 2023 жылы өңірлік ЖОО-ларға бөлінетін педагогикалық квота саны артып, 6280 грант бөлінгенін ерекше атап өтсем. Ал Серпін бағдарламасы бойынша 3653 грант бөлінді", – деді спикер.


Оқи отырыңыз: 2023 жылы Атырау мен Маңғыстау түлектеріне 3 мың білім гранты бөлінеді


Қуаныш Ерғалиевтің айтуынша, биыл грантқа құжат қабылдау және оның иегерлерінің тізімін жариялау күндерінде өзгеріс болмайды. Грантқа құжат қабылдау уақыты 13-20 шілде аралығында өтеді, ал грант иегерлерінің тізімін 10 тамызға дейін ұсыну жоспарланған. ЖОО-ға қабылдау 25 тамызға дейін жүзеге асырылады.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".