2023 жылғы "Евровидение" Украинада өтпейді

Биыл Ресей бұл байқаудан шеттетілген болатын.

Келесі жылы Украина өзінің территориясында халықаралық музкалық байқау өткізу құқығынан айырылды, деп хабарлайды Еуропа хабар тарату одағы.

Хабарламада объективті талдаудан кейін "Евровидение" байқауының референттік тобы мен басқарушылар кеңесі қазіргі жағдай, қауіпсіздік мәселесі және хабар таратушыға қажетті операциялық кепілдіктерді ескере отырып "Еуровидениені" ұйымдастыру және өткізу конкурс ережелеріне сәйкес орындалмайды деген қорытындыға келді.

"Ережеге сәйкес және іс-шараның үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін EBU енді Ұлыбританияман келіссөз жүргізуді бастайды. Олар байқауда екінші орынды иеленген болатын", – делінген хабарламада.

13 маусым күні Украина президенті кеңсесі жетекшісінің орынбасары Кирилл Тимошенко Telegram арнасында 2023 жылы "Евровидение" байқауын өз жерінде өткізу үшін дайындықты бастағанын хабарлаған еді.


Оқи отырыңыз: Студенттер арасында IT байқау өтеді. Бас жүлде – 1,5 млн теңге


2022 жылы Ресей аталған байқауға қатыспады. 25 ақпанда Еуропа хабар тарату одағы Ресейдің биыл байқаудан шеттетілгенін мәлімдеді. EBU мәлімдесінде Ресейдің байқауға қатысуы "беделіне нұқсан келтіретіні" туралы айтылған. Ал 3 мамырда ресейліктердің Туринде "Еуровидениеге" дауыс бере алмайтыны белгілі болды.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".