2023 жылы Астанадан Алакөлге Тальго пойызымен қатынауға болады

2023 жылы Алакөлге Астана, Алматы қалалары, ШҚО, Абай облыстарынан 11 маршрут жолаушы тасымалдайды.

Биыл "Астана-Достық" бағыты бойынша Тальго пойызы іске қосылады, деп хабарлады "Жолаушылар тасымалы" АҚ.

2022 жылы Алакөл жағалауына теміржол көліктері 243 мың жолаушы жеткізген. Оның ішінде республиканың оңтүстік өңірінен келген туристер саны – 118 мың адам. Сондай-ақ, солтүстік аймақтан көлге және кері бағытта 72 мың жолаушы тасымалданса, Шығыс Қазақстан облысынан – 52 мың адам келген.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ 2023 жылы жолаушылар орындарының санын 6%, яғни 276 мыңға дейін арттыруды жоспарлап отыр. Биыл туроператорлар үшін коммерциялық пойыздарға билеттерді ерте – пойыз жөнелтілгенге дейін 180 тәуліктен бастап брондау тәртібі  қолданыста болады" делінген компанияның хабарламасында.

Еске салайық, 2022 жылы Алакөлге Алматы қаласынан қатынайтын Тальго пойызы іске қосылған болатын. 


Оқи отырыңыз: Алакөл, Балқаш әлде Каспий? Қазақстанда көл жағасында демалу қанша тұрады?


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".