2023 жылы лицензиясыз жұмыс істеген 32 мектепке айыппұл салынды

Оларға қатысты әкімшілік іс қозғалды.

Оқу-ағарту министрлігінің Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті білім беру ұйымдарына мониторинг жасап, 40 мектептің лицензиясыз жұмыс істегенін анықтады. Оның ішінде 30 мемлекеттік және 10 жекеменшік мектеп бар, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Лицензиясыз жұмыс істеген мектептердің дені Астана, Алматы қалалары мен Батыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Жетісу және Маңғыстау облыстарында орналасқан. 32 мектепке қатысты әкімшілік іс қозғалып, лицензиясыз қызмет үшін айыппұл салынды. Оның 23-і – мемлекеттік, 9-ы – жекеменшік мектеп. Сонымен қатар:

  • 10-нан аса мектепте санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды және төтенше жағдай актілері жоқ. Бұл балалардың денсаулығы мен жайлылығына қауіп тудыруы мүмкін;
  • 14 мектепте материалдық-техникалық база білім берудің заманауи талаптарына сай келмейді, білім беру инфрақұрылымы, білікті педагогикалық кадрлармен толық жабдықталмаған, ұйымдастыру жұмыстары да дұрыс жолға қойылмаған.

"Бұл білім беру сапасын кері әсерін тигізеді", – деді комитеттің рұқсат беру саясаты басқармасының басшысы Жұлдыз Әуезханова.


Оқи отырыңыз:


Айта кетейік, лицензиясы жоқ мектептер білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды, яғни негізгі және жалпы орта білім туралы аттестаттарды бере алмайды. Лицензиясыз жұмыс істейтін барлық мектепке қатысты әкімшілік іс қозғалды. Аумақтық департаменттерге лицензиясы жоқ мектептерге қатысты тиісті шаралар қабылдау тапсырылды, өңірлердің әкімдіктеріне тиісті хат жолданды.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".