2023 жылы Ораза қашан басталады?

Рамазан айы биыл наурыз-сәуір айларына сәйкес келеді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шариғат және пәтуа бөлімі жариялаған 2023 жылғы діни күндер кестесінің негізінде биыл қасиетті Рамазан айы 23 наурызда басталып, 20 сәуірде аяқталады.  

Ескерту: Күнтізбе Хижри айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалған. Дегенмен, пәтуа мамандары діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертеді.


Оқи отырыңыз: Оразаға дайындық жасайтын уақыт. Шағбан айы жайлы 9 сұраққа жауап


Осы уақыт аралығында мұсылмандар таң атқаннан күн батқанға дейін отыз күн ораза ұстайды. Бір ай бойы күндіз ауыз бекітіп қана қоймай, тамақ ішуден өзге де оразасын бұзатын заттардан бас тартады.

Кестеге сәйкес, Қадір түні 17 сәуірден 18 сәуірге қараған түнге түсіп тұр.

Үш күндік Ораза айт отыз күн ораза біткеннен кейін 21 сәуірде басталады. Ал Құрбан айт 28-30 маусым аралығында мерекеленеді. 

Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы ораза кестесін Наурыз айында жариялайды. 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".