Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Жидда қаласында Сауд Арабиясының қажылық және ұмра министрі Тауфик ибн Фаузан ар-Рабиамен кездесіп, меморандумға қол қойды, деп хабарлады діни басқарманың баспасөз қызметі.
Құжатқа сәйкес, тараптар 2023 жылы Қазақстаннан 4 мың адамның қажылыққа баруы жөнінде келісімге келді.
Наурызбай қажы Тағанұлы кездесу барысында қазақстандық қажыларға қолайлы жағдай жасау бойынша министрге келесі ұсыныстарын жеткізді:
- Қазақстан қажыларын жеткізетін әуе тасымалының қызмет құнын халыққа тиімді бағада бекіту;
- қазақстандықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- қонақүй бағасына барынша жеңілдік жасау;
- қызмет сапасын арттыру;
- төлем жасау жүйесін оңтайландыру.
Еске салайық, 2022 жылы қазақстандық 4 мың азамат үлкен қажылығын өтеді. Оларға 14 туристік компания қызмет көрсетті.
Оқи отырыңыз:
- Верховный муфтий Казахстана провёл переговоры о снижении цен на хадж
- Қазақстанда қажылыққа қаржы жинауға болатын қосымша іске қосылды
Пікірлер