2024 жылдан бастап барлық кәсіпкерлер бақылауға алынады

Жаңа жылдан бастап Үкімет бизнесті автоматты түрде бақылайды.

Мәжіліс тиісті құжатты бірінші оқылымда мақұлдады. Заң аясында кәсіпкерлер үшін маңызды емес талаптар қысқарады. Әкімшілік жүктеме азаяды, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Бұл ретте бизнесті бірден жазалаудан бұрын, құқық бұзушылықтың алдын алуға басымдық беріледі. Әр мемлекеттік органның сайтында автоматты түрде жасалатын тексеру кестесі болады. Ол кесте Бас прокуратураның келісімімен жасақталады. Кез келген кәсіпкер өзінің тізімде бар-жоғын оңай көре алады. Оларға тиісті хабарлама да жіберіледі. Депутаттар заңға енгізілген өзгерістер тариф қалыптастыру жұмыстарының ашықтығын қамтамасыз етеді деп отыр.

"Егер бизнес өкілі заң талаптарын қатаң бұзса: мемлекетке, халық денсаулығы мен өміріне, экологияға, ұлттық қауіпсіздікке зиян келтіретін іс-шаралармен айналысса – шұғыл түрде, кестеден тыс тексеру жүргізіледі. Кәсіпкерлер әр жасаған іс-әрекеттері үшін заң алдында жауап беретіндерін білу қажет", – деді ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров.


Оқи отырыңыз: Астанада жаңа бизнес-идея үшін 5 млн теңге грант алуға өтінім қабылдау басталды


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".