2024 жылы 2 мыңға жуық жалған банкнот анықталды

Ашық дереккөзден
Ашық дереккөзден
Жалған банкнота жасаумен және сатумен айналысқан сегіз адам сотталды.

Былтыр 80 миллион теңге болатын 2 мыңға жуық жалған банкнот анықталды.Бұл қаржылық тұрақтылыққа елеулі қауіп төндірді, деп хабарлайды Қаржы мониторингі агенттігі.

"Жалпы тәркіленген жалған ақшаның сомасы 80 миллион теңгеден асты. Жалған банкнота жасаумен және сатумен айналысқан сегіз адам сотталды. Олар бес жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды", – деп жазылған хабарламада.

Қаржы мониторингі агенттігі валюталық операциялар жасағанда аса сақ болуды ескеттті.

"Әлеуметтік желілерде азаматтар шынайы ақшаны жалған немесе сувенирлік ақшамен шатастыратын бейнежазбалар тарап жатыр. Валюталық операциялар кезінде банкноттарды тексеріңіз. Ақша қағазының сапасына, қорғаныш элементтеріне (мөртаңбасы, микроэлементтер, белгілі бір жарықта көрінетін белгілері) және текстура мен шрифтіне назар аударыңыз", – делінген хабарламада.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".