2024 жылы Қазақстанда құны 36 миллиард теңгеден асатын есірткі тәркіленді

Фото: Gov.kz
Фото: Gov.kz
Есірткі қылмыстарын жасағаны үшін 164 адам сотталды.

2024 жылы ҰҚК есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл аясында 31 халықаралық және 27 өңірлік жеткізу арнасын жойып, 32 жасырын есірткі зертханасының қызметін бейтараптандырды, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.

Заңсыз айналымнан 3 тоннадан астам есірткі және психотроптық заттар, 4,5 тонна көкнәр сабаны шикізаты және "синтетика" жасау үшін қолданылатын 18 тонна химиялық реагенттер тәркіленді.

"Қара нарықта" тәркіленген есірткінің құны 36 миллиард теңгеден аса бағаланады.

"Есірткі қылмыстарын жасағаны үшін 164 адам сотталды. Қазақстан арқылы есірткіні әкелу және тасымалдау арналарының жолын кесу бойынша шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен 25 халықаралық операция жүзеге асырылды. Есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес бойынша іс-шаралар жалғасып жатыр", – делінген ҰҚК хабарламасында.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".