2025 жыл Жамбыл облысында "Кітап оқу жылы" болып жарияланды

Фото: Ербол Қарашөкеевтің Facebook парақшасы
Фото: Ербол Қарашөкеевтің Facebook парақшасы
Өңір басшысы "Әулиеата — кітап оқитын өңір" жобасы аясында тұрғындарды кітап оқуға шақырды.

Жамбыл облысында 2025 жыл "Кітап оқу жылы" деп белгіленді. Бұл туралы облыс әкімі Ербол Қарашөкеев хабарлады

"Кітап – рухани азық, жанымыздың шуағы, болашағымыздың бағдары. Биылғы 2025 жылды Жамбыл облысында "Кітап оқу жылы" деп белгілеу – осы құндылықтарды жаңғыртуға бағытталған қадам", – деген аймақ басшысы жаңа жылдық демалыста Шерхан Мұртазаның "Ай мен Айша" романын және Күләш Ахметованың "Құт" атты өлеңдер жинағын қайта оқып шыққанын жазды:

"Ай мен Айша" – адамның жүрегіне әсер етіп, ананың махаббаты мен қайсарлығын терең сезінуге шақыратын терең философиялық туынды. Күләш Ахметованың "Құт" жинағы болса, өлеңнің қасиетін, сөздің құдіретін сезіндірді. 

"Әулиеата өңірі – ақын-жазушылардың мекені, сөз өнерінің төрі. Ендеше, баршаңызды "Әулиеата – кітап оқитын өңір" жобасы аясында кітап оқуға шақырамын! Уақыт бөліңіз, кітап оқыңыз, рухани байыңыз! Адамзаттың алыбы Абай: "Артық білім кітапта, Ерінбей оқып көруге..." деп, кітаптың құндылығын ерекше атап көрсеткен. Ендеше, біз де білім мен руханияттың кілтін кітаптан табайық", – деді Ербол Қарашөкеев. 


Оқи отырыңыз: 


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".