2025 жылғы АЕК мөлшері – 3 932 теңге. Ең төмен жалақы мен зейнетақы мөлшері қанша болады

Ең төмен күнкөрiс деңгейi – 46 228 теңге болып белгiленеді.

Қаржы министрлігі Ашық НҚА порталында 2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын қоғамдық талқыға жариялады. 

Заң жобасында 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап негізгі экономикалық көрсеткіштер қандай мәнге ие болатыны жазылған. Атап айтқанда, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап:

  • жалақының ең төмен мөлшерi – 85 мың теңге;
  • мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері – 32 360 теңге;
  • зейнетақының ең төмен мөлшерi – 62 771 теңге;
  • айлық есептiк көрсеткiш – 3 932 теңге;
  • базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 46 228 теңге болып белгiленбек. 

Сондай-ақ, заң жобасынан адам жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері 8,5 пайызға артатыны белгілі болды. 

"2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленуге жататын, мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарының мөлшері мемлекет жарналарын есептеу объектісінің 2 пайызы болып белгiленсiн. 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап әскери қызметшілерге (мерзiмдi қызметтегі әскери қызметшілерден басқа) және арнаулы мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлеріне тұрғынжайды күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге ақшалай өтемақының айлық мөлшерi 3 739 теңге сомасында белгiленсiн", – делінген заң жобасында. 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".