2025 жылы Қазақстан колледждері 4 лигаға бөлінеді. Олар қандай

Лигаға бөлу – тиімді көшбасшылық моделін қалыптастырудың бірінші қадамы.

Қазақстанда техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын төрт лигаға бөлу жоспарланып отыр. Бұл "Техникалық және кәсіптік білім беруді трансформациялау жөніндегі 2025-2027 жылдарға арналған жол картасынан" белгілі болды. Құжат жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды. 

Колледждер қандай лигаға бөлінеді: 

  • Көшбасшы колледждер: тірек колледждерге тәжірибе таратады; ұлттық және халықаралық деңгейлердегі кәсіптік білім берудегі көшбасшылар; басқару мен оқытудың жоғары стандарттарымен, инновациялық инфрақұрылымымен ерекшеленеді.
  • Тірек колледждер: әлеуметтік және мақсатты колледждердің дайындық деңгейі мен инфрақұрылымының өсуіне жағдай жасауға ықпал етеді; өңірде стратегиялық рөл атқарады және озық технологиялар мен білім беру стандарттарын енгізу алаңы ретінде қызмет етеді.
  • Әлеуметтік колледждер: жаңғырту және өсу процесінде, жаңа технологияларды белсенді енгізуде; білім беру бағдарламаларын жаңарту жолында; тірек колледждердің қолдауымен өз деңгейін арттыруға ұмтылады.
  • Мақсатты колледждер: білім беру сапасының стандартын қамтамасыз етеді; прогресстің болмауымен, ескірген инфрақұрылыммен және бәсекеге қабілеттіліктің әлсіздігімен сипатталады; реформалар мен қалпына келтіру үшін қолдауды қажет етеді. 

"Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын төрт лигаға бөлуде олардың рейтингтік көрсеткіштерін бағалау әдістемесі пайдаланылады", – делінген жол картасының жобасында. 


Оқи отырыңыз: Талғат Нәрікбаев: Сапасыз маман даярлайтын университеттер бюджет ақшасын қайтаруы керек


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".