21 сәуірде Оралдан Мысырға тікелей әуе рейсі ашылады

Рейстер жаз бойы жасалады.

21 сәуірде Мәншүк Мәметова атындағы Орал халықаралық әуежайынан Египетке ұшу басталады, деп хабарлайды mgorod.kz.

Жолаушылар Оралдан Мысырға бес күнде бір рет ұша алады. Рейстер қазан айына дейін жоспарланған.

"Оралдан шығатын әуе рейстерін көбейту – басты мақсатымыз. Сондай-ақ, өңір тұрғындарына ел ішінде сұранысқа ие бағыттар бойынша, сондай-ақ танымал шетелдік курорттар бойынша тікелей рейстердің қолжетімді болуын көздеп отырмыз. Египетке чартерлік бағдарламаның басталуы бұл мәселені шешудегі маңызды оқиға болды", – деді әуежайдың бас директоры Рустам Бектеміров. 


Оқи отырыңыз: Qazaq Air 15 мамырда Астанадан Алакөлге әуе рейстерін іске қосады


Айта кетейік, өткен жылы жазда Түркияның Анталия қаласына маусымдық рейстер қосылған болатын. Биыл мамыр айында қайта жалғасады.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".