217 әкімшілік қаулы: Су басқан өңірлерде кәсіпкерлер азық-түлік бағасын заңсыз көтерген

Оның ішінде 19 кәсіпкерге айыппұл салынса, 198 кәсіпкерге ескерту жасалды.

Су тасқыны болған өңірлерде сәуір айында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын заңсыз көтеріп, манипуляция жасағандар анықталған. Бұл туралы үкімет басшысы Олжас Бектеновтің мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында айтылған. 

Айталық, 1-20 сәуір аралығында аумақтық департаменттер әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз өсіргені үшін 217 әкімшілік қаулы шығарған болса, оның ішінде 19 айыппұл салынған және 198 ескерту берілген. 

Қазіргі таңда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына тұрақты мониторинг жүргізілуде. 

"Бүгінгі таңда су тасқынынан зардап шеккен облыстарда жағдай тұрақты, азық-түлікті, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын жеткізуде проблемалар байқалмайды, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасының дүрлікпе өсуі жоқ. Үстем жағдайды теріс пайдалану белгілері немесе әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары және құрылыс материалдары нарығына қатысушылардың сөз байласуы анықталған жағдайда тиісті ден қою шаралары қабылданатын болады", – деп жауап берді Олжас Бектенов.


Оқи отырыңыз: Су тасқыны: Құлсары тұрғындары мемлекеттің көмегіне ризашылық білдірді


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".