22 тамыздан бастап Маңғыстау облысы мен Нөкіс арасын пойыз тасымалы жалғайды

Пойыз аптасына үш рет қатынайды.

22 тамыздан бастап Нөкіс қаласынан Маңғыстау облысына теміржол тасымалы іске қосылады, деп хабарлады Өзбекстанның темір жол компаниясының баспасөз қызметі

Компания хабарламасына сәйкес, пойыз Нөкіс қаласынан бейсенбі, сенбі, сейсенбі күндері сағат 20:16-да шығып, Маңғыстауға 17:14-те келеді. Жол ұзақтығы шамамен 21 сағат. 

Ал Маңғыстаудан Нөкіске пойыз жұма, жексенбі және сәрсенбі күндері сағат 18:54-те жолға шығады. Нөкіске жету уақыты: 15:22. Алғашқы рейс 23 тамыз күні қатынайды. 

"Жолаушылар Нөкістен тікелей Қазақстанның Маңғыстау облысына қатынай алады. Маңғыстау облысы өзінің ерекше табиғатымен, бай тарихымен және мәдени мұрасымен туристерді қызықтыруда. Ол жерде туристік инфрақұрылым дамыған. Жайлы қонақ үйлерден бастап, экотуризмге дейін әртүрлі аттракциондар бар", – делінген Өзбекстанның темір жол компаниясының хабарламасында.


Оқи отырыңыз: 5 мыңға жуық адам жұмыс күші тапшы өңірлерге көшті. Қай облыстарға қанша адам келді


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".