"225 миллион теңге иемденді". "Теміржолсу-Маңғыстау" ЖШС-нің бұрынғы бас есепшісі ұсталды

«Теміржолсу-Маңғыстау» ЖШС-нің бұрынғы бас есепшісі 225 миллионнан астам теңге жымқырды деген күдікпен ұсталды.

Аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған мүлікті заңсыз иемденді немесе жымқырды деген күдікпен «Теміржолсу-Маңғыстау» ЖШС-нің бұрынғы бас есепшісі ұсталды. Бұл туралы ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Telegram арнасында жазылды.

ҚМА Маңғыстау облысы бойынша департаменті мекеменің бұрынғы бас есепшісі квазимемлекеттік сектор қызметкері бола тұра, 2021 жылғы желтоқсан мен 2023 жылғы мамыр аралығында салық төлеу желеуімен төлем құжаттарына жалған ақпаратты енгізу арқылы жеке тұлғалардың есеп-шоттарына Серіктестік қаражатын аударып, кейіннен өзіне қайтарып алғанын анықтады.

"Мекемеден заңсыз иемденіп алған қаражатты ол жеке қажетттіліктеріне жұмсаған. Бас есепшінің қылмыстық әрекеттерінің салдарынан Серіктестікке аса ірі мөлшерде – 225 м иллион теңгеден астам сомаға материалдық шығын келтірілген", – деп жазылған хабарламада.

Тергеу әрекеттері жалғасуда. ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес тергеу мүддесінде өзге ақпарат жарияланбайды.


Оқи отырыңыз: 2023 жылы жемқорлық дерегін хабарлаған адам 13,8 млн теңге сыйақы алады


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".