25 қазан мен 10 қараша арасында магистратураға түсу конкурсы өтеді

Министр Саясат Нұрбек осы жолы оқуға түсе алмағандарды үмітін үзбеуге шақырды.

2023 жылдың 25 қазаны мен 10 қараша аралығында магистратураға түсу конкурсының екінші кезеңі өтеді. Оқуға түсе алмаған болсаңыз, үмітіңізді үзбеңіз, деп мәлімдеді ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек. 

"Достар, егер сіз магистратураға түсуге өтініш беріп үлгермесеңіз немесе оқуға түсе алмасаңыз, үмітіңізді үзбеңіз. Сізде үстіміздегі жылы біліміңізді жалғастыруға әлі мүмкіндігіңіз бар. Сізге жоғары білім алу және мансаптық өсу үшін жаңа мүмкіндік тағы беріледі. Ағымдағы жылдың 25 қазаны мен 10 қараша аралығында магистратураға түсу конкурсына қайта қатыса аласыз. Сондықтан өз күшіңізді  қайта сынап, қабылдау сынақтарына дайындалуға және біліміңізді көрсетуге мүмкіндігіңіз болады. Барлық қиындықтарды жеңе алатындығыңызды және магистратура білім беру грантының иегері атануыңызға лайық екеніңізді дәлелдей аласыз", – деді министр. 

Конкурс кезеңдері мен талаптары, құжатты рәсімдеу ережелері және өтініш беру мерзімдері туралы толық ақпарат министрліктің ресми сайтында жарияланады.
 


Оқи отырыңыз: Магистратураға білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".