25 қазан – Республика күні ұлттық мереке. Мәжіліс ұсынысты қолдап дауыс берді

Мемлекет басшысы бұл жөнінде Ұлттық құрылтай отырысында тапсырма берген еді.

25 қазанды Ұлттық мереке – Республика күні ретінде айқындау ұсынылып, Мәжіліс қолдап дауыс берді.

Мемлекет басшысы бұл жөнінде 2022 жылғы 16 маусымдағы Ұлттық құрылтай отырысында осындай ұсыныс жасаған болатын.

Заңға енгізілген түзетулерде:

  • 25 қазанды Ұлттық мереке – Республика күні ретінде айқындау;
  • 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күнін мемлекеттік мереке ретінде белгілеу бар.

Бұдан басқа, 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күнін мерекелеуді Мемлекеттік рәміздер күні, Алғыс айту күні және қоғамдық маңызы жоғары әлеуеті бар өзге де күндер сияқты, оны мемлекеттік мерекелер қатарынан алып тастау арқылы айқындау ұсынылды.

Мәжіліс депутаттары заңға енгізілген түзетулерді мақұлдап, Сенаттың қарауына жіберді.


Оқи отырыңыз: "Тұңғыш президент күні мемлекеттік мереке болмайды". Депутаттар заң жобасын мақұлдады


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".