26-28 мамырда Германияда Еуропа қазақтарының құрылтайы өтеді

Кәрі құрлықта тұрақтаған қазақтар Кёльн қаласында бас қосады.

"Отандастар қорының" президенті Абзал Сапарбекұлы Jibek Joly арнасына берген сұхбатында биылғы құрылтайдың ерекшеліктерін айтып берді.

Оның сөзінше, Еуропада мұндай алғашқы құрылтай 1997 жылы Германияда ұйымдастырылса, екіншісі 8 жылдан кейін өткен. Содан бері әр 2-3 жылда Еуропа қазақтарының дәстүрлі басқосуы өтіп тұрады.

"Еуропада Түркиядан көшіп барған қазақтар негізінен Германия мен Францияда шоғырланған. Екі елде он мыңға жуық қазақ бар. Биылғы құрылтайда Еуропа елдерінде тұрып жатқан қазақтардың өзінің ұлттық құндылықтарын сақтау мәселелері талқыланады. Оның ішінде ұлттық дәстүр, ана тілі, атамекенмен байланыс және Еуропадағы қазақ ұйымдарының белсенділігін арттыру бар", – деді Абзал Сапарбекұлы.


Оқи отырыңыз: Қазақстандықтар Ресей, АҚШ және Германияға жиі хат жазады


Биылғы құрылтайға Түркиядан көшіп барған қазақтардан құралған 25 қазақ ұйымының өкілдері қатысады деп жоспарланса, олардан бөлек, соңғы 30 жылда Қазақстаннан көшкен жаңа қазақ диаспорасының өкілдері де бас қоспақ.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".