27 маусым – Арапа күні ауыз бекіту сүннет. Қазақстан қалалары бойынша ораза кестесі

Информбюро ораза кестесін ҚМДБ мәліметтері негізінде әзірледі.

ҚМДБ діни мерекелер кестесіне сәйкес, 27 маусым – Арапа күні. Арапа араб тілінен аударғанда "білу, анықтау, түсіну" деген мағынаны береді. Ислам дінінде Арапа күні – артықшылығы жағынан жұма күніне ұқсас күн. "Арапа жұмадан басқа күні жасалған жетпіс қажылықтан артық. Дұғалардың ең жақсысы да арапа күні жасалған дұға" деген сенім бар. Арапа күні жасалатын ең ізгі амалдардың бірі – ораза ұстау. Ол – сүннет. 

Ал 28-30 маусым аралығы – қасиетті Құрбан айт мерекесі. 


Оқи отырыңыз: Құрбандыққа қандай мал шалуға болмайды? Маңызды 18 сұраққа жауап


Қазақстан қалалары бойынша Арапа күнгі ораза ұстау кестесі:  

Қала Таң (ауыз бекіту уақыты) Шам (ауызашар уақыты)
Астана 03.09 21.39
Алматы  03.25 20.39
Шымкент 04.02 21.05
Ақтау 04.05 21.24
Ақтөбе 03.08 21.31
Атырау 03.37 21.35
Жезқазған 03.32 21.35
Көкшетау 03.11 21.59
Қарағанды 03.06 21.25
Қонаев 03.19 20.41
Қостанай 03.34 22.22
Қызылорда 02.58 20.31
Орал 03.29 21.59
Өскемен 02.27 20.48
Павлодар 02.44 21.23
Петропавл 03.07 22.11
Семей 02.36 21.00
Талдықорған 03.05 20.40
Тараз 03.50 21.00
Түркістан 04.00 21.14

Оқи отырыңыз: Арапа күні ауыз бекіту – сүннет


Сәресі дұғасы: Ниет еттім Алла разылығы үшін таңның атысынан күннің батысына дейін Арапа күнінің оразасын ұстауға. 

Ауызашар дұғасы: Уа, жаратқан ием! Таңның атысынан күннің батысына дейін Арапа оразасын ұстадым. Өзіңе иман келтіріп, өзіңе тәуекел еттім. Өзіңнің берген ризық-несібеңмен ауыз аштым. Менің бұрынғы және кейінгі күнәларымды кешір. 

Ескерту: Таң намазына 10-15 минут қалғанда ауыз бекітіліп, ақшам намазы уақытында ашылады. 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".