31 арна әлемдік және отандық үздік фильмдерді көрсетеді

Фильмдерді таңертең, күндіз және кешкі уақытта тамашалауға болады.

Әлемдік киностудиялардың және қазақстандық киногерлердің үздік фильмдері 31 арна эфиріне оралады. Көрерменнің талғамына орай, ең таңдаулы деген фильмдер іріктеуден өтіп ұсынылады.

Арна туындыларын ұсынатын киностудиялар қатарында Sony Pictures Entertainment, Walt Disney Company, Metro-Goldwyn-Mayer сынды әлемдік деңгейде танымал кинокомпаниялар бар.

"Бұған дейін көрермен жүрегіне жол тауып, жоғары киножүлделерге ие болған туындылар көпшіліктің көңілінен шығатынына сенім мол. Сондай-ақ, отандық режиссерлердің де шытырман оқиғаларға толы кинотуындылары көрсетіледі. Жанрлар да әр түрлі. Драма, фантастика, заманауи комедия да бар", – деп хабарлады арна қызметкерлері.

31 арнаның жаңа бастамасы оқушылардың жазғы каникулымен сәйкес келіп отыр. Бұл – демалыс кезінде ата-аналар мен балалардың уақытын қызықты да тиімді өткізуіне таптырмас мүмкіндік.


Оқи отырыңыз: 


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".