3D атласы: Баянауыл ұлттық паркінде қорғауға алынған табиғи нысандардың виртуалды нұсқасы жасалды

Атлас арқылы жануарлар мен өсімдіктер туралы көп ақпарат білуге болады.

Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебінің 11-сынып оқушылары Богдан Цибрий мен Руслан Божеканов Баянауыл ұлттық паркінің қорғауға алынған өсімдіктері мен жануарларының ерекше 3D атласын жасады. Бұл туралы оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

3D атласқа баянауыл қарағайлары, қарағаш, жертесер, арқар секілді өңір эндемиктері енгізілген. Атлас арқылы қорғауға алынған жануарлар мен өсімдіктер туралы көп ақпарат біліп, оны таратуға болады.

"Біздің ойымыз қорғауға алынған табиғи нысандар, өсімдіктер мен жануарлар туралы көпшілік біліп, оларға зиянын тигізбесе дейміз. Заманауи технологиялардың арқасында саябақтың флорасы мен фаунасын цифрлық форматта ұсындық. Кез-келген адам оны көре алады. 3D-атласымызды туристік сайттар елімізге назар аударудың бір әдісі ретінде пайдалануға болады",– дейді оқушылар.

Жобаның ерекшелігі - оқушылар виртуалды нұсқаға саябақты өзгеріссіз түпнұсқасын енгізген.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".