4% автонесие: Наурызда телефон арқылы өтініш беруге бола ма?

Өнеркәсіпті дамыту қоры әзірге мұндай мүмкіндік беру мәселесі қаралып жатпағанын хабарлады.

"Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ринат Ғаппаров Үкімет кулуарында журналистердің сұрағына жауап беру барысында жеңілдетілген атонесиеге алдағы уақытта да тек компьютермен өтініш беруге болатынын хабарлады. 

"Смартфонмен өтініш беру мүмкіндігі әзір қаралып жатқан жоқ, – деп мәлімдеді Ринат Ғаппаров. – Себебі, электронды цифрлық қолтаңбаны смартфон арқылы қою мүмкін емес. Ал бұл – біздің боттан қорғау жүйесінің ең маңызды тұсы. Екіншіден, онда өтініш берушінің бүкіл мәліметі жинақталған. Яғни, мақұлданған өтінішті әрі қарай сатып жіберудің жолын кеседі. Яғни, бұл боттардан да, алаяқтардан қорғайды", – деп түсіндірді Ринат Ғаппаров. 

"Бірақ, бағдарлама ұзақмерзімді болғандықтан, оны әлі де жетілдіруіміз мүмкін", – деді "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ басқарма төрағасының орынбасары. 

Еске салайық, 6 ақпанда автонесиеге онлайн өтініштер қабылданып, 761 адам 18 секундта-ақ өтініш беріп үлгерген болатын. Сондай-ақ, бірінші минутта сайтқа кіргендер саны 125 мың адамды құрады, деп хабарлайды Қазақстан даму банкі. 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".