4 пайыздық автонесие бағдарламасы сәуірде іске қосылады

Мемлекеттік бағдарламаның бюджеті – 100 млрд тенге.

Қазақстанда мемлекеттік автонесиелендіру бағдарламасы сәуір айында іске қосылатыны белгілі болды. Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мәлімдеді, деп хабарлады Sputnik.

Автонесие бағдарламасы «Жасыл даму» есепшотында жиналған қаражат есебінен жүзеге асырылады. Мемлекеттік бағдарламаның бюджеті – 100 млрд тенге.

"Жеңілдетілген несиенің шарттары келесідегідей болады: несие жылына 4%-бен беріледі, бірақ алғашқы салымды төлеудің қажеті жоқ. Қазір де автокөлік несиесі жылына 4%-бен берілсе де, жүргізуші алғашқы жарна ретінде көлік бағасының 20 пайызын төлейтін еді. Ал жалпы несие жеті жылға берілетін. Осылайша біздің 71 мың азаматымыз жаңа көлікті тиімді бағада сатып ала алады", – деген болатын бұған дейін Роман Скляр. 


Оқи отырыңыз: 


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".