5 млн теңге жәрдемақы, пайызы аз несие. Ауыл дәрігерлеріне тағы қандай қолдау бар?

Үкімет жәрдемақы мен несие сомасын әлі де арттыруды жоспарлап отыр.

Ауылға келген дәрігерге жергілікті бюджет есебінен 1 млн теңгеден 5 млн теңгеге дейін көтерме жәрдемақы беріледі. Медициналық кадрларды ауылға тарту үшін білім беру гранты бойынша оқуға түскен түлектерге үш жыл жұмыс істеу міндеті жүктелген. Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайылов Сенат депутаттарының сауалына берген жауабында айтты.

Үкімет басшысының мәліметінше, "Дипломмен – ауылға" мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2022 жылы 4 мың маманға – 18,1 млрд теңге сомасына тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит, 7,8 мың маманға 2,4 млрд теңге сомасына көтерме жәрдемақы берілген.

"Бүгінгі күні орталық мемлекеттік органдар ауылдық жерлерге жұмысқа орналасуға жіберілген мамандар үшін көтерме жәрдемақылар мен тұрғын үй сатып алуға жеңілдікті кредиттердің мөлшерін ұлғайту бөлігінде жас мамандарға әлеуметтік қолдау шараларының пакетін біріздендіру мәселесін пысықтауда", – деп жазды Әлихан Смайылов.


Оқи отырыңыз: Қазақстанның қай өңірлерінде және қандай сала дәрігерлері тапшы?


Сонымен қатар Үкімет басшысы 247 мыңнан астам медицина қызметкерінің жалақысын кезең-кезеңімен ұлғайту жүріп жатқанын еске салды. 2022 жылы дәрігерлердің жалақысы 421 мың теңгеге жеткен. Ал орта медицина қызметкерінің айлығы 235 мың теңгені құрайды. Биыл дәрігерлердің жалақысы 30 пайызға, орта медицина қызметкерлерінің жалақысы 20 пайызға өсті.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".