5 облыста көшет өсірумен айналысатын 6 орман бағы салынады

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
Оларда биіктігі 15-20 см болатын 1-2 жылдық көшеттер өсіріледі.

Қазақстанда орман қорын молайту үшін тәлімбақтар салу жоспарланып отыр. Алдағы уақытта мұндай көшет бақтары Қазақстанның 5 облысында салынады. Олардың қатарында Ақмола, Алматы (2 тәлімбақ), Абай, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстары бар. Бұл туралы үкімет басшысы Олжас Бектеновтің мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында айтылған. 

"Мемлекет басшысының "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватының тамыр жүйесі жабық екпе материалын өсіру тәжірибесін кеңейту бойынша тапсырмасын орындау мақсатында шаралар қабылданды. Сондай-ақ, 1300 гектар аумақта тамыр жүйесі ашық 100-ден аса орман питомнигін құру жұмыстары жүргізілуде. Бұл мемлекеттің орман өсіруге қажет материалдарға деген сұранысын толығымен өтейді", – деді үкімет басшысы. 

Олжас Бектеновтің түсіндіруінше, Қазір республикада 3 178 гектар аумақта 251 орман питомнигі бар, олардың қуаты елдің көшет материалдарына сұранысын өтеуге жетпейді.

Ал жеке орман питомниктері биіктігі 1 метрден үлкен көшет материалдарын өсіреді. Дегенмен, орман қорының аумағында ағаш отырғызу үшін биіктігі 15-20 см болатын стандартты бір және екі жылдық көшеттерді пайдалану қажет. 

Жеке тәлімбақтар үшін мұндай қызмет экономикалық тұрғыдан тиімсіз. 


Оқи отырыңыз: Мемлекеттік орман қорында ағаш кесуге 10 жылға тыйым салынады


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".