50 пайыздық білім гранты: Оны кімдер иелене алады

Грант байқауы 13-20 шілде аралығында өтеді.

Ұлттық тестілеу орталығы биыл талапкерлер тұңғыш рет сараланған гранттарды жеңіп ала алатынын еске салды

Сараланған грант бойынша, оқу ақысының 50 пайызын мемлекет, қалған жартысын талапкерің өзі төлейді. 

Ұлттық тестілеу орталығының хабарлауынша, биыл талапкерлерге 300 сараланған грант ұсынылып отыр. Олар екі бағыт бойынша беріледі: 

  • "Педагогикалық ғылымдар" – 150 грант; 
  • "Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат" – 150 грант.

"Бұл грант конкурстық негізде беріледі. Яғни, 13-20 шілде аралығында (Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының талапкерлері үшін 13-24 шілде аралығында) грант конкурсына қатысу қажет. Ешқандай қосымша құжат қажет емес. Толық грант ұтып алмаған кезекте келесі болып тұрған талапкерлер сараланған грантты иелене алады", – делінген ұлттық тестілеу орталығының хабарламасында. 


Оқи отырыңыз: 2023-2025 жылдары резидентурада білім алуға 4 мыңға жуық грант бөлінеді


 

 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".