6 жыл бұрынғы бастама: Қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту қоры қашан құрылады

Аталған қорды құру туралы үкімет қаулысының жаңа жобасы жария талқыға ұсынылды.

Ашық НҚА порталында Қазақстанда "Қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту қоры" акционерлік қоғамын құру туралы үкімет қаулысының жаңа жобасы жарияланды.

Ең алғаш бұл бастаманы 2018 жылы сол уақыттағы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болған Бейбіт Атамқұлов хабарлаған болатын. Алайда, ол әлі күнге дейін жоба күйінде қалып отыр.

2022 жылы желтоқсан айында Үкімет Қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту қоры құру туралы үкімет қаулысының жобасын жариялады. Жүз пайыз мемлекеттік құрылым болатын бұл қордың жарғылық капиталы 153 150 000 теңге құрауы тиіс болған. Қаулының жаңартылған нұсқасынан жарғылық капитал сомасы екі есеге жуық артып, 265 722 000 теңгені құрайтыны белгілі болды.

Қаулы жобасының мәтініне сәйкес, Қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту қоры отандық ғылыми-техникалық әзірлемелерді қаржылық қолдау және қорғаныс-өнеркәсіп кешені ұйымдарын жаңғыртумен айналысады.


Оқи отырыңыз: Қазақстанда Қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту қоры құрылады


Еске салайық, ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан әскерін заманауи әрі жоғары технологиялы қару түрлерімен, әскери техникамен қайта жабдықтау жөнінде тапсырма берген болатын. Мемлекет басшысы, сондай-ақ Қорғаныс министрлігіне әскери күштерді пайдаланудың жаңа әдістерін енгізу арқылы жауынгерлік дайындық бағдарламасын қайта қарау тапсырды.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".