670 тонна сынап қалдығы көмілген Былқылдақ көлі "Павлодар" АЭА аумағынан шығарылады

Арнайы экономикалық аймақтың территориясы үш есе қысқарады.

Павлодар қаласының Солтүстік өнеркәсіп ауданының аумағында орналасқан "Павлодар" арнайы экономикалық аймағы шамамен 3 есе, яғни 3 310 гектардан 1 200 гектарға дейін қысқарады. Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысының жобасынан белгілі болды.

"Павлодар" АЭА қазіргі және болашақ аумағы

Арнайы экономикалық аймақтан шығарылатын территорияны негізінен Былқылдақ көлі алып жатыр. Еске салайық, биыл президент Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысына жасаған сапары кезінде Былқылдақ су жинақтаушы көлінің түбінде орасан зор өнеркәсіптік сынап жиналғанын айтқан болатын. Атап айтқанда, көлге 670 тонна сынап қалдығы көмілген.

Үкімет қаулысының жобасында Былқылдық көлін аумағын кәсіпорындарды салу және орналастыру үшін алаң ретінде пайдалануға болмайтындығы жазылған.

"АЭА құрамынан инвестициялық жобаларды орналастыру үшін мүмкін емес аумақты алып тастау ұсынылады, бұл аумақты неғұрлым толық игеру үшін оңтайландыруға мүмкіндік береді" делінген жобада.


Оқи отырыңыз: "Атом улаған дала" кітабының авторы: Ядролық сынақ қасіретін халық әлі көріп жатыр


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".