"7-20-25" тұрғын үй бағдарламасы 2023 жылы жабыла ма?

Вице-министр екінші деңгейлі банктер беретін ипотеканы субисдиялау бағдарламасы туралы да айтты.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаев тілшілердің "7-20-25" бағдарламасы туралы сауалға жауап берді. 

"7-20-25 бағдарламасы жабылмайды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, аталған бағдарламаны жалғастыру жөнінде нұсқау бар", – деді вице-министр.

Айта кетейік, бұған дейін бағдарлама қаражат толықтай игерілуіне байланысты 2022 жылдың соңына дейін ғана қолжетімді болатыны туралы ақпарат шыққан. Себебі бағдарламаны іске асыруға 1 трлн теңге қаражат бөлінген еді. 


Оқи отырыңыз:


Сонымен қатар, вице-министр екінші деңгейлі банктер беретін ипотеканы субисдиялау бағдарламасы туралы да айтты. Оның шарты бойынша, Қазақстан азаматы банктен 19,5 пайызбен ипотека алса, 7 пайызын мемлекет төлейді де, қалған 12,5 пайызын азамат өзі жабады. Алайда бұл бағдарлама қаражаттың жеткіліксіз болуына байланысты тоқтап қалған.

"Бұл бағдарламаны келесі жылы іске асыруға өтінім бердік. Алайда, қаржы министрі ол өтінімді қолдамады. Бәрі қаржыға байланысты болып отыр. Қаржы табылған жағдайда бұл механизм "7-20-25" бағдарламасымен қатар жүреді", – деді вице-министр.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".