7 сағатта Алматы сайлаушыларының 15 пайызы ғана дауыс берді

Орталық сайлау комиссиясы ел тұрғындарының дауыс беруі бойынша сағат 14.10-дағы ақпаратты жариялады.

ОСК мәліметінше, 19 наурыздағы сағат 14.10-дағы жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 46,84 пайызы бюллетеньдер алған.

Оның ішінде:

  • Абай облысы бойынша – 52,28%;
  • Ақмола облысы бойынша – 52,12%;
  • Ақтөбе облысы бойынша – 51,28%;
  • Алматы облысы бойынша – 52,13%;
  • Атырау облысы бойынша – 36,15%;
  • Батыс Қазақстан облысы бойынша – 55,14%;
  • Жамбыл облысы бойынша – 58,32%;
  • Жетісу облысы бойынша – 52,41%;
  • Қарағанды облысы бойынша – 56,97%;
  • Қостанай облысы бойынша – 62,36%;
  • Қызылорда облысы бойынша – 54,31%;
  • Маңғыстау облысы бойынша – 49,18%;
  • Павлодар облысы бойынша – 51,24%;
  • Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 49,68%;
  • Түркістан облысы бойынша – 48,37%;
  • Ұлытау облысы бойынша – 52,29%;
  • Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 58,69%;
  • Астана қаласы бойынша – 33,65%;
  • Алматы қаласы бойынша – 15,38%;
  • Шымкент қаласы бойынша – 35,61%.

Келесі жедел ақпарат сағат 16.10-да берілетін болады.


Оқи отырыңыз: Партия төрағалары дауыс беріп, сайлау нәтижесі қалай боларына қатысты пікір білдірді


Айта кетейік, сайлауға жеті партия өз кандидаттарын ұсынды. Олар: "Ақ жол" демократиялық партиясы, Amanat партиясы, "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, "Байтақ" "жасылдар" партиясы, Қазақстан халықтық партиясы, Жалпыхалықтық социал-демократиялық партиясы, Respublica партиясы. Сондай-ақ, осы сайлауда өзін-өзі ұсынғандар да мәжіліс депутаты бола алады.
Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, Қазақстанда сайлауда дауыс беруге 12 032 550 азаматтың құқығы бар.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".