73 миллиард теңге: Назарбаев университеті мемлекеттен алған қаражатты тиімсіз жоспарлаған

Аудиттің нәтижесі бойынша 73 миллиард теңгеге тиімсіз жоспарлау мен тиімсіз пайдалану фактілері анықталды.

Назарбаев университетінде 73 миллиард теңге тиімсіз жоспарланған. Бұл туралы Жоғары аудит палатасының төрағасы Әлихан Смайылов айтты.

Оның айтуынша, бұл университеттегі ең негізгі кемшілік. 

"Ең негізгі кемшіліктерді айтатын болсақ, университет әлі күнге дейін республикалық бюджеттің қаражатына тәуелді. Бұл университеттің мәртебесіне, мемлекет тарапынан берілетін көмекке және оны салықтардан босатуға қарамастан, әлі де университет 97% республикалық бюджет тарапынан қаржыландырылып отыр", – деді Жоғары аудит палатасының төрағасы.

Әлихан Смайылов оқу орнының республикалық бюджеттен кетіп, жеке қаржы көздеріне көшу керектігін айтты.

"Екінші мәселе – қолданыстағы заңнама университетті қаржылық есеп ұсынуға міндеттемейді. Бұл университет жұмысының ашықтығына кері әсерін тигізеді. Мысалы, аудиттің нәтижесі бойынша 73 миллиард теңгеге тиімсіз жоспарлау мен тиімсіз пайдалану фактілерін анықтадық. Сонымен бірге жарты миллиард теңгеге қаржылық бұзушылықтарды анықтадық", – деді ол. 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".