8 шілде – Арапа, 9 шілде – Құрбан айттың бірінші күні

Айт намазынан кейін үш күн ішінде жағдайы келген мұсылманға құрбандық шалу – міндет.

Биыл Құрбан айт мерекесі 9 шілдеде басталады, деп мәлімдеді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы.

Бас мүфти Һижри жыл санауы бойынша 1443 жылдың зұлхижжа айының басталуы 30 маусым болып бекітілгенін айтты. Ал Арапа күні 8 шілдеге сәйкес келеді. Осылайша 9 шілде – Құрбан айт мерекесінің бірінші күні.

"Алла Тағала елімізге амандық, жұртымызға тыныштық бергей. Ізгі ниетпен шалатын құрбандығымыз, қажылық сапарында жүрген жерлестеріміздің қажылығы қабыл болғай" – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Құрбан айт намазынан кейін 3 күн ішінде жағдайы келген мұсылманға құрбандық шалу – міндет.


Оқи отырыңыз: 


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".