Абай облысында полиция аязда жолда қалған Моңғолия азаматтарына көмектесті

Олар кішкентай баласымен Семей қаласына транзитпен бара жатқан.

Аудан орталықтарында жылыту пункттері белгіленді, онда жүргізушілер мен олардың жолаушылары жолдардың жабылуына байланысты автокөліктен эвакуацияланды. Бұл туралы Polisia.kz жазды.

Тәртіп сақшылары блок-бекеттерде болған кезде азаматтарды құтқару пункттеріне дейін ертіп жүреді.

"20 ақпанға қараған түні Жарма ауданының полицейлері жол бойында тұрақта тұрған Моңғолиядан келген минивэнді байқаған. Олар кішкентай баласымен Семей қаласына транзитпен бара жатқан, өйткені соңғы 4 күнде аймақты қамтыған -34 градус аязда қозғалыстың шектелуіне байланысты жолды жалғастыра алмаған. Полиция қызметкерлері шетелдіктерді жылыту пунктіне дейін ертіп барды. Бұл отбасының осындай қатты аязда қатып қалмауы үшін қолдан келгеннің бәрін жасады", – деп жазылған хабарламада.

Моңғолия азаматтары жергілікті полиция қызметкерлеріне алғыстарын білдіріп, жолаушыларға деген шынайы және мейірімді қарым-қатынастарын атап өтті.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".