Абай облысындағы өрт: Тергеу өрт қою нұсқасын да қарастырып жатыр

Әкімдік желіде таралған видеоға қатысты түсініктеме берді.

Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі құзіретті органдардың орманға өрт қою болжалды нұсқасын да қарастыратынын хабарлады. 

"Әлеуметтік желі мен мессенджерлерде болжам бойынша өрт қойылды деген орындардың бейнематериалдары тарап жатқандықтан, жағдайды түсіндіріп өту маңызды. Видео авторы өрт найзағай әсерінен емес, белгісіз біреу өрт қойды деп болжайды", – делінген әкімдік хабарламасында.

Алайда әкімдік видеода түсірілген учаскелердің болжаммен от шыққан іргелес орман алқаптарына таралмағанын атап өтті. 

"Қазір құзіретті органдар мәселені жан-жақты талқылап жатыр. Тергеу өрт қоюы мүмкін деген адамды және өрттің тұтану себебін – оның қолдан жасалған-жасалмағанын анықтауға бағытталып отыр", – делінген хабарламада. 


Оқи отырыңыз: Абай облысындағы өрттен қаза тапқан 14 орманшы "Құрмет" орденімен марапатталды


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".