Абай облысындағы өртке байланысты Даниал Ахметов жауапқа тартыла ма?

Роман Скляр бұл оқиғаға премьер-министрдің бірінші орынбасары ретінде өзі де жауапты екенін айтты. 

Журналистер үкімет кулуарында премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдан Абай облысындағы өртке жауаптылар туралы сұрады.

"Абай облысы құрылғанға дейін ол өңірді Даниал Ахметов басқарды. Оның жауапкершілігі тексеріле ме?" – деп сұрады журналистер. 

"Семей орманы" қорығы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің құзырында. Бұл оның құзыретіне кірмейді", – деп жауап берді Роман Скляр.


Оқи отырыңыз: Абай облысында өрттен қаза тапқандардың отбасына 7 млн теңге және әр балаға 2 млн теңге беріледі 


Сонымен қатар ол бұл оқиғаға премьер-министрдің бірінші орынбасары ретінде өзі де жауапты екенін айтты. 

"Әрине, мен өзім жетекшілік ететін барлық салаға жауаптымын", – деді Роман Скляр.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".