"Абай жолы" романына негізделген үстел ойыны пайда болды

Ойын жас буынға қазақ әдебиеті мен этномәдениетін терең түсінуге көмектеседі.

Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-оқушысы Томирис Бақыт Мұхтар Әуезовтың "Абай жолы" роман-эпопеясы негізінде үстел ойынын жасады, деп хабарлайды "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымының баспасөз қызметі.

Ойын "Absolutely obsolete" деп аталады. Ол жас буынға бос уақытын қызықты өткізіп қана қоймай, қазақ әдебиеті мен этномәдениетін терең түсінуге көмектеседі. 

Absolutely obsolete үстел ойыны / Фото: "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымының баспасөз қызметі

"Абай жолының" бірінші томын оқығанда көп сөздер мен салт-дәстүрлерді түсінбедім. Қатарластарымнан сұрастырғанда, оларда да осындай мәселе бар екенін білдім. Сол себепті шығарманы түсініп оқып, сөздік қорды арттыру мақсатында осындай үстел ойынын жасап шықтым", – дейді Томирис Бақыт.

"Absolutely obsolete" үстел ойынында қазір 60 карта бар. Оқушы алдағы уақытта жобаға романдағы кейіпкерлер мен рулар жайлы бөлім енгізуді жоспарлап отыр. 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".