Абай облысында алтын қазумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды

Топтың жеті мүшесі – шетел азаматтары.

Polisia.kz хабарлауынша, Абай облысында 13 адамнан құралған топ құрамында алтыны бар кенді заңсыз өндірумен айналысқан. Қазба жұмыстарының орны – Жарма ауданындағы "Еділбай" учаскесі.

Қылмыстық топ алтынды заңсыз өндірумен қатар, оны өңдеумен, сондай-ақ жер қойнауын өз бетінше пайдаланып, заңсыз көші-қонды ұйымдастырумен айналысқан.

Абай облысы Жарма ауданының "Еділбай" учаскесі. Фото: Polisia.kz

Тексеру жұмыстары кезінде жалпы саны 13 адамнан құралған топтың 2 заңсыз цех құрғаны белгілі болды. Олардан құрамында 100 тонна алтын бар кен, 2 келіден астам аммонит жарылғыш заты және улы (сынап) заттар тәркіленген.

Бұдан кейін қылмыстық топтың басшысы ұсталған. Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр.


Оқи отырыңыз: Жамбыл облысында алты жұмысшы 20 қап алтынмен ұсталды




Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".