Абай облысында "Еңлік-Кебек" ескерткіші ашылады

Қазір кесенеге жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Абай облысында жазушы Мұхтар Әуезовтың 125 жылдығына орай "Еңлік-Кебек" ескерткіші ашылады, деп хабарлады ҚазАқпарат агенттігі.

Биыл қаламгердің құрметіне орай Абай облысында бірқатар шаралар өткізіледі деп жоспарланған.

"Мұхтар Әуезовтың 125 жылдығы аясында Абай ауданының аумағында орналасқан "Еңлік-Кебек" кесенесіне жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстар тамыз айының аяғында басталды. Сонымен қатар қос ғашыққа арналған ескерткіш орнатылады. Жұмыстар осы жылдың қыркүйек айының соңында аяқталады", делінген облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

"Еңлік-Кебек" кесенесінде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Фото: ҚазАқпарат агенттігі

Мұхтар Әуезов трагедия жанрындағы "Еңлік-Кебек" пьесасын 1922 жылы жазған.


Оқи отырыңыз: Дэннис Кин: "Абай жолының" ағылшын тіліне аударылмағанына таң қаламын


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".