#AbayChallenge: Димаш Абай Құнанбаевтың туған күніне орай челлендж жариялады

8 тамызда Димаш Құдайберген жанкүйерлерін қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың туған күніне арналған челленджге қатысуға шақырды.

10 тамыз – қазақ ақыны, философ, музыкант, қоғам қайраткері, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың туған күні. Қазақтың ұлы ақынының туған күніне орай Димаш марафон бастады. Бұл туралы dimashnews жазды.

"Хакім Абайдың туған күні қарсаңында мен бұл керемет челленджді бастаймын. Егер сіз мен сияқты жатқа оқып немесе Абайдың жүрегіңіз қалаған кез келген шығармасын оқып, бейнеге түсіріп, желіге салсаңыз, бұл біздің челленджіміздің бастауы болады. Мен бұл челленджді бүкіл әлемдегі барлық Dears-ке, яғни барлық жанкүйерлеріме, сондай-ақ әріптестеріме жеткізгім келеді. Сізге Абайдың кез келген өлеңін оқып, осы бейнені #AbayChallenge хэштегімен жариялау жеткілікті. Сіздің белсенділігіңізге үміттенемін, достар!" – деп жазды Димаш.

Димаштың өзі марафонды бастау үшін Абайдың "Ғылым таппай мақтанба" өлеңін таңдады.


Оқи отырыңыз: "Бұл – туған күніме арналған шығарма". Димаш Құдайбергеновтің жаңа бейнебаяны жарық көрді.


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".