Әлемде 44 миллион адам аштық алдында тұр

811 миллионнан астам адамға күнделікті тамақ жетпейді.

Мұндай мәліметтер БҰҰ штаб-пәтерінде өткен "Жаһандық азық-түлік қауіпсіздігі: іс-қимылға шақыру" министрлік конференциясында айтылды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтында жазылған.

Аталған конференция азық-түлік тапшылығына неғұрлым бейім елдердің кең тобын және жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратын мемлекеттерді біріктірді. БҰҰ мәліметі бойынша әлемнің 38 еліндегі 44 миллион адам аштық алдында тұр және 811 миллионнан астам адамға тамақ жетпейді.


Оқи отырыңыз: 


Аталған конференцияға қатысқан Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қазақстан әлемдік нарыққа ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізуді одан әрі кеңейтуге, сондай-ақ Ауғанстан аумағына халықаралық гуманитарлық көмекті жеткізудің сенімді жолдарын қамтамасыз етуге жан-жақты жәрдем көрсетуге дайын екенін мәлімдеді. Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы Қазақстаннан Ауғанстанға өткен жылдың қазан айында ауған халқы үшін 20 мың тонна ұн сатып алды.

"Осыған байланысты біз осы мәселеде барлық мүдделі және халықаралық құрылымдардың, соның ішінде Қазақстанда орналасқан Азық-түлік қауіпсіздігі ислам ұйымының қолдауына және қатысуына үміт артамыз", – деді министр.

Сонымен қатар, ҚР делегациясының басшысы серіктес елдерді мұқтаж елдер үшін ауыл шаруашылығы секторындағы еңбек өнімділігін арттырудың тиімді тетіктерін құру бойынша халықаралық қаржылық қолдауды күшейтуге шақырды.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".