АЭС бойынша референдум: шетелде 12 485 отандасымыз дауыс береді

ҚР-ның 59 елдегі мекемелерінде 74 учаскелік комиссия құрылды.

АЭС құрылысына қатысты республикалық референдумда шетелде жүрген 12 485 отандасымыз дауыс береді.

Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының отырысында Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Алуа Нәдірқұлова айтты.

"Сыртқы істер министрлігі алдағы республикалық референдумды өткізу үшін кешенді жұмыс істеді. Қазіргі уақытта ҚР азаматтарының шетелде дауыс беруі үшін қажет жағдайды қамтамасыз ету жұмыстары толықтай аяқталды. Атап айтқанда, дауыс беруге құқығы бар отандастарымыздың тізімі жасалды. Олардың жалпы саны – 12 485 адам. ҚР сайлау заңнамасына сәйкес, Сыртқы істер министрлігіне 12 611 бюллетень бөлінді. Олардың уақытылы жеткізілуін министрліктің жауапты қызметкерлері қамтамасыз етеді", – деді Алуа Нәдірқұлова. 

Оның айтуынша, ҚР-ның 59 елдегі мекемелерінде 74 учаскелік комиссия құрылды. Комиссияның барлық мүшелері сайлау үдерістерін қамтамасыз ету бойынша қашықтықтан оқу курстарынан өтті. Учаскелерді жаңа сайлау жәшіктермен жабдықтау мәселесі қосымша пысықталды.

"6 қазанда өтетін референдумда дауыс беруге арналған 10 323 учаске жұмыс істейді. Саны өзгерді. Оның ішінде 59 шетелдегі мекемелер жанынан ашылған 74 референдум учаскесі жұмыс істейді", – деді Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".