Әшімбаев: Абай, Ұлытау, Жетісу облыстары – ұлт ретінде өсуіміздің жарқын көрінісі

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Сенат отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауына қатысты пікір білдірді.

Оның айтуынша, өңірлердің мүддесі Қазақстан дамуының ең басты басымдықтары болып қалады.

"Президент шешімімен өңірлердің саны көбейетін болды. Яғни, біздің жұмысымыздың аясы кеңейеді. Сондықтан алдағы уақытта осы бағыттағы мақсат-міндетіміз бұрынғыдан да арта түседі. Шын мәнінде, Абай, Ұлытау, Жетісу облыстарының құрылуы біздің ұлт ретінде өсуіміздің жарқын көрінісі. Сонымен бірге Қазақстан халқы ассамблеясының квотасы мәжілістен сенатқа беріледі. Бұл шешім қоғамдық келісім мен ынтымақтастықты нығайту тұрғысынан біздің әлеуетімізді арттыратыны сөзсіз", – деді Мәулен Әшімбаев.

Ол, сондай-ақ, Парламенттің рөлін күшейту мәселесіне де тоқталды.

"Мұндай қадам жаңару мен жаңғыру жолында парламентке үлкен міндет пен жауапкершілік жүктейді. Соған байланысты мемлекет басшысы сенат пен мәжілістің жұмысы мен құрылымына қатысты реформаларға тоқталды. Енді сенаттағы президенттік квотаның саны 15-тен 10-ға дейін қысқарады", – деді сенат төрағасы.


Оқи отырыңыз: 


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".