Әзербайжанда Жамбыл Жабаевқа арналған пошта маркасы шықты

Маркада түркі әлемінің үш ақыны – Жүніс Әміре, Ашық Алескер және Жамбыл Жабаев бейнеленген.

Халықаралық Түркі мәдениеті мен мұрасы қоры түркі халықтарының сан ғасырлық мәдениеті мен тарихын дәріптеу мақсатында "Үш Озан бірге" жаңа жобасын жүзеге асырып жатыр, деп хабарлады ҚазАқпарат агенттігі Қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жоба аясында түркі әлемінің үш ақыны – Жүніс Әміре, Ашық Алескер және Жамбыл Жабаевтың мерейтойына байланысты пошта маркалары шығарылды.

Маркаларды Халықаралық Түркі мәдениеті мен мұрасы қоры Әзербайжан Республикасының Цифрлық даму және көлік министрлігі жанындағы "Азерпост" ЖШҚ-мен бірлесіп айналымға енгізді. Маркалар дизайнын әзербайжандық суретші Орхан Гараев жасаған, онда ақындардың портреті бейнеленген.


Оқи отырыңыз: 


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".