«Ағаштарды кесіп тастады». Алматыдағы саябақтың орнына ақылы автотұрақ салынды

Сот көлік тұрағын салу үшін ағаштарды кескен компанияға алаңның бұрынғы келбетін қалпына келтіруге міндеттеді.

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында жер ресурстарын басқару Департаментінің "К" ЖШС-не нұсқаманы орындауға міндеттеу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

2022 жылдың желтоқсан айында Департаменті жүргізген тексеру барысында «аумақты көгаландыру» мақсатындағы жер телімін меншік иесі басқа мақсатта пайдаланған. Жоғарыда аталған мекеме жер теліміне ақылы автотұрақ ұйымдастырып, жасыл желектерді жойып жіберген.

"Заңнамаға сәйкес, егер меншік иесі жер учаскесінің нысаналы мақсатын бұзса, мемлекеттік уәкілетті органдар бұзушылықтарды жою және оның мақсатты түрде пайдаланылуын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды. Жер учаскесiн пайдаланудың бұзылған режимiн қалпына келтiру үшiн, жер саясатын қадағалауға жауапты мемлекеттiк орган жер учаскiсінен нысаналы мақсатта пайдалануын бұзуылғандығын жою туралы тиiстi нұсқама шағарған. Алайда, «К» ЖШС-і уәкілетті органның нұсқамын орындамаған", – деп жазылған хабарламада.


Оқи отырыңыз: Алматыдағы коммуналдық ақылы автотұрақтар көк түспен белгіленеді


Істің мән-жайын анықтай отырып, сот талап арызды қанағаттандырып, жауапкерге жер учаскесін мақсатты түрде пайдалану үшін шаралар қолдануды міндеттеген. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".