Әйелдердің зейнетке шығу жасын төмендету жөніндегі петицияға 120 мыңнан астам адам қол қойды

Петиция egov.press ресурсында 30 қазанда жарияланған.

Қазақстанда әйелдердің зейнет жасын 58 жасқа дейін төмендетуді сұраған петицияға 120 мыңнан астам адам қол қойды. Сондай-ақ, ерекше балаларды қамқорлығына алып отырған аналарды 55 жасында зейнетке шығару туралы өтініш жазылған.

"Барлық әйелдің атынан Қазақстан Республикасының президентінен біздің зейнетке шығу жасымызды 58 жасқа дейін, ал ерекше балалары бар аналарға 55 жасқа дейін төмендетуіңізді сұраймыз! Әйел адамның 45 жастан кейін денсаулығы нашарлай бастайды. Қалған өмірімізді жұмыс істемей, бала-шағамыздың қасында өткізгіміз келеді! Әрқайсымызда ана бар екенін ұмытпайық!" – делінген петиция мәтінінде.

30 қазан күні жарияланған петицияға 120 227 адам қол қойып үлгерді.


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".